Қызмет көрсеткiштерi

Жеке желілерінің арқасында «ОАЭК» АҚ-ның жылу және электр энергиясын әр тұтынушыға барынша тиімді жеткізуге мүмкіндігі бар. Корпорация отбасылық коэффициентті ескере отырып, 2 млн-нан астам адамға немесе Қазақстан Республикасы халқының 12%-ына қызмет көрсетеді.

«ОАЭК» АҚ-ның жалпы белгіленген электр қуаты 1 318 МВт-ты құрайды, аталмыш көрсеткіш бойынша Корпорация Қазақстанның жеке энергия өндіретін компанияларының ішінде көш бастап келеді. Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы — шамамен 48,5 мың километр. Корпорацияның жалпы белгіленген жылу қуаты — 2 981 Гкал/с. Жылу желілерінің ұзындығы — 984,2 километрден астам.

 

 

2009–2018 жж. инвестициялық бағдарламаның нәтижесi