Адамдарды электрмен жабдықтау кіші станциялардан тікелей байланысты. Атап айтқанда кіші станциялардан қалалар, ауылды елді мекендер, өндірістік кәсіпорындар, әлеуметтік саладағы объектілер, ауыл шаруашылық және шағын бизнес үшін электр энергиясын қабылдауды, түрлендіруді және үлестіруді жүзеге асырады.
Кіші станцияларды техникалық жаңғырту іс-шаралар кешенін қамтиды. Мамандар «Элеваторная», «Шортанды» және «Вишневка» кіші станцияларында 6 күштік трансформаторды орнатты. Астана қаласының, Ақмола облысының Есіл, Егіндікөл, Атбасар, Ақкөл, Сандықтау аудандарының кіші станцияларында кернеудің 26 трансформаторын және токтың 18 трансформаторын жаңартты.Сонымен қатар, 10-110 кВ май ажыратқыштарын элегаздыққа, релелік қорғаныс және автоматика құрылғысын, жедел токпен басқару шкафын ауыстырды.
Электр энергиясын есепке алуға жауапты жабдықты жаңарту ерекше маңызға ие. Осындай бағыттардың бірі электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Жүйе есептеу құралдарынан деректерді қашықтықтан жинауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз етеді, бұл электр энергиясын есепке алудың дәлдігін және ақпарат алудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Электр энергиясының балансын бақылау, желілердің жұмыс режимдеріндегі ауытқуларды анықтау және 10/0,4 кВ жиынтық трансформаторлық кіші станциялардағы жүктемелерді талдау үшін мамандар 185 есептеу құралын орнатты.
«Біздің басты міндетіміз – тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету. Трансформаторлық кіші станцияларды техникалық жаңғырту бұл мәселені шешіп қана қоймай, жабдықты пайдалану шығындарын азайтады, электр энергиясын тұтынудың коммерциялық есебін және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді», - деп Ақмола электржелілік үлестіру компаниясының бас директоры Александр Павлов атап өтті.
Барлық жұмыстар өнеркәсіптік және электрлік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып орындалды.
