Миссия - тұтынушылардың өмір сапасын арттыру және қызмет ететін өңірлердің экономикалық дамуына тұрғындарға, өнеркәсіп пен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына энергиямен қамту бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы жағдай жасау.
Стратегиялық мақсат - электр және жылу энергиясымен қамту саласында өндіріс, тарату, беру және кепілді өткізу ағындарының синергиясы негізінде халықты үздіксіз әрі сенімді қызметпен қамтамасыз ететін тиімді жеке энергетикалық компания құру болып табылады.
«ОАЭК» АҚ стратегиялық мақсатына қол жеткізудің негізгі бағыттары
- Кепілді өткізуге ие және төмен тәуекелді нарықты мақсатты түрде кеңейту
- Өндірістің техникалық деңгейін көтеру және негізгі өндірістік қорлар мен инфрақұрылымды жаңарту арқылы өндірістік тиімділікті арттыру
- Инновациялық бағыттарды салмақты түрде дамыту арқылы перспективалы жобаларды енгізу
- Кадрлық құрамды өндірістік сектор мен кәсіпорынды басқаруда жаңа тиімді технологияларға үздіксіз үйрету арқылы үздік басқару стандарттарын енгізу