​ «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 22 қазан күні 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. 1965 жылы аймақтың орталықтандырылған энергетикалық жүйесінің негізі қаланды. Компания облыстың шашыраңқы жүйесін біріктіріп, біртұтас әрі қуатты энергетикалық кешен құрды,  бұл кешен Павлодар облысын электр қуаты мен жылумен қамтамасыз етіп келеді.

«Павлодарда электр энергиясын өндіру 60-жылдарға дейін республика бойынша жалпы өндірістің небәрі 1%-ын ғана құрады. Ал 80-жылдарға қарай, нақтырақ айтқанда 90-жылдары бұл көрсеткіш 40-45%-ға дейін жетті. Алғашқы қазандықтар, турбиналар мен генераторлар – барлығы өңірдің энергетика саласындағы алғашқы құрылғылар болды. Бұл кезең үлкен күш-жігерді, тынымсыз еңбекті қажет еткен аса күрделі және ауыр жұмыс болатын,» – деп еске алды Қазақстан энергетикасының ардагері Альберт САФАРБАКОВ.

Бүгінгі таңда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» - бұл белгіленген электр қуаты 765 МВт, жылу қуаты - 1486 Гкал/сағ, 180 қосалқы станциясы, 15 мың километрден астам электр және 400 километрден  астам жылу желілері бар электр және жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу қызметтерін қамтитын сатылас интеграцияланған компания.

​ Компания Павлодар облысының 600 мыңнан астам тұрғыны мен шамамен 13 мың заңды тұлғасының жайлы тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді.

​​ Соңғы жылдары компания инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын белсенді түрде жүзеге асырып келеді:

​- 2022 жылы Павлодар 3-ЖЭО жаңа түтін құбырының темірбетон оқпанының құрылысы аяқталды;

​- 2023 жылы Екібастұз ЖЭО және Екібастұз жылу желілерінде ауқымды жөндеу кампаниясы өткізілді;

​- 2024 жылы «Солтүстік Қалалық» қосалқы станциясы, 3-ЖЭО-дағы жаңа түтін құбыры және №73 орталық жылу пункті пайдалануға берілді.

​- 2024 жылы «ПЭТК» АҚ мамандары Казань қаласында оқытудан өтіп, 0,4 кВ электр желілерінде кернеулі жұмыс істеудің озық әдістерін қолдана бастады, ал 2025 жылы Павлодар ЭТК электр монтерлері оқуды сәтті тәмамдап, Қазақстанда алғаш болып 10 кВ электр желілерінде электр қуатын ажыратусыз кернеулі жұмыстар жүргізе бастады.

​Өндірісті басқаруды автоматтандыру саласында айтарлықтай қадамдар жасалды.  Павлодар 3-ЖЭО-дағы барлық қазандық агрегаттарына автоматтандырылған басқару жүйелері орнатылды, бұл қазандықтың жұмыс режимдерін оңтайландырып, тұтастай станция жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 

​«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның басты байлығы – адамдар. Компаниялар тобының кәсіпорындарында 4 мыңнан астам жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Олардың әрқайсысы өз ісінің маманы болып табылады,» – деп атап өтті  «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Щемель.

​Компания жыл сайын даму қарқынын күшейтіп, жаңа цифрлық технологияларды енгізу және жабдықтарды жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Осы іс-шаралардың негізгі мақсаты көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыру және сапасын жақсарту.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бүгінгі күні де, келешекте де Павлодар өңірінің энергетикалық тұрақтылығының сенімді тірегі болып табылады!