Бiз туралы

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ, бұдан әрі — «Компания») — вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, компания 2008 жылғы 8 тамызда құрылды.

«ОАЭК» АҚ-ның белгіленген жиынтық электрлік қуаты 1 306 МВт құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Корпорация Қазақстанның электр қуатын генерациялайтын жеке компанияларының ішінде жетекші компания болып табылады. Корпорацияның белгіленген жиынтық жылу қуаты — 2 199 Гкал/с. Электр қуатын беру желілерінің жалпы ұзақтығы — 48,2 мың шақырымнан астам. Компания Қазақстанның екі миллионнан астам тұрғынын электр қуатымен қамтамасыз етеді.

«ОАЭК» АҚ-ның Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын — генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. Компания Ақмола облысында «АЭҮК» АҚ, «Павлодар-Водоканал Северный» ЖШС.

«ОАЭК» АҚ акционерлік капиталының құрылымы (31.12.2025 жыл):

  • Сергей Кан — 47,1%
  • Александр Клебанов — 47,1%
  • KIF ENERGY S.A.R.L. – 4,02%
  • «Центрально-Азиатская топливно-энергетическая компания» АҚ – 1,78%

«ОАЭК» АҚ жылдық қаржылық есептілікті жариялайды. 2018 жылдан бері компанияның есептері түрлі байқауларда үздік деп танылды. 2020, 2023 және 2024 жылдарға арналған жылдық есептерді KASE нақты сектордағы компаниялар арасында үздік деп таныды.