«ОАЭК» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанады. Компанияның қызметі барлық тараптардың, атап айтқанда инвесторлардың, акционерлердің, Компания жұмысшылары мен лауазымдық тұлғаларының мүдделерін теңдестіріп есепке алуға негізделеді.
Компанияның Директорлар кеңесі стратегиялық міндеттерді айқындайды, қызметті қадағалаудың қажетті механизмдерін, соның ішінде кәсіпорындардың жұмысына ағымдағы мониторинг жүргізу және қызметінің нәтижелерін бағалауды қолдайды. Директорлар кеңесінің құрамына Компанияға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тәуелсіз директорлар кіреді.
Бизнес үрдістерді жетілдіру және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында Компанияда ішкі қадағалау механизмдері ойластырылған.
«ОАЭК» АҚ-ның ішкі қадағалау жүйесі жүйеге келтірілген, барлық деңгейлердегі стратегиялық және оперативтік басқаруға кірістірілген және кез келген бизнес үрдістердің аясында өз функцияларын орындау кезінде барлық бөлімшелер мен қызметкерлерді қамтитын жүйе болып табылады.
Компанияның Директорлар кеңесінің жанынан қаржылық есептіліктің шынайылығын және ішкі қадағалау мен тәуекелдерді басқару жүйелерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін қабылданған шешімдерге және үрдістерге мониторинг жүргізуді жүзеге асыратын Аудит жөніндегі комитет қызмет атқарады.
«ОАЭК» АҚ ақпараттық жариялылық және қызметінің ашықтығы саясатын ұстанады. Ашық дерек көздерінде Компанияның қызметі туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары қарастырылады. Бұл акционерлердің Компанияда болып жатқан жағдайларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.