«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ, бұдан әрі — «Компания») — вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, компания 2008 жылғы 8 тамызда құрылды.
«ОАЭК» АҚ-ның белгіленген жиынтық электрлік қуаты 1 318 МВт құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Корпорация Қазақстанның электр қуатын генерациялайтын жеке компанияларының ішінде жетекші компания болып табылады. Корпорацияның белгіленген жиынтық жылу қуаты — 2 981 Гкал/с. Электр қуатын беру желілерінің жалпы ұзақтығы — 49,2 мың шақырымнан астам, жылу желілерінің жалпы ұзақтығы — 983,9 шақырым. Компания екі миллионнан астам адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді.
«ОАЭК» АҚ-ның Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын — генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. Компания Ақмола облысында өткізуші құрылым — «АЭҮК» АҚ бақылайды.
«ОАЭК» АҚ акционерлік капиталының құрылымы (31.12.2020 жыл):
- Александр Клебанов — 47,1%
- Сергей Кан — 47,1%.
- KIF ENERGY S.A.R.L. – 4,02%;
- «Центрально-Азиатская топливно-энергетическая компания» АҚ – 1,78%.