PROFENERGY

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) PROFENERGY аясында жас мамандарды кәсіби қолдауға жағдай жасайды.

2015 жылы «ОАЭК» АҚ деңгейінде «PROFENERGY» жобасы іске қосылып, оның аясында жас мамандарды қолдау және кәсіпорынның басты/маңызды кәсіптеріне оқу орындары түлектерін тарту, қызметкерлердің білім деңгейін көтеру және дамыту, негізгі қызметкерлерді компанияда ұстап қалуға бағытталған бағдарлама өз жұмысын бастады. «PROFENERGY» жобасы оқу орындарының түлектері мен студенттеріне көптеген артықшылықтар қарастырады.

  • оқу бағдарламаларын жетілдіру;
  • тәжірибе, экскурсия, кездесулер ұйымдастыру;
  • каникул кезеңінде уақытша жұмысқа орналастыру;
  • жобалар байқауы;
  • атаулы шәкіртақы тағайындау;
  • емтихан комиссияларына қатысу;
  • өндірістік және дипломалды тәжірибе шығындарын төлеу.

Бағдарлама аясында еншілес компаниялардың кәсіпорындарында қызмет ететін жас мамандарға бағытталған шаралар келесілерді қарастырады:

  • оқу демалысын төлеу;
  • оқу ақысын төлеуге пайызсыз қарыз беру;
  • оқу орнын сәтті аяқтағанына орай бонус.

«PROFENERGY» жобасы аясында жас мамандарды қолдау және қызметкерлердің білім деңгейін көтеру жүйесі бойынша бағдарлама мемлекеттік техникалық кадрлерді дайындау саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.