«ОАЭК» АҚ өз қызметінің ашықтығы саясатын ұстанады және тұтынушылар, корпоративтік серіктестер, инвесторлар, мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптармен ашық диалог жүргізуге әрқашан дайын.
Инвесторлармен, мемлекеттік органдармен және тұтынушылармен ақпаратпен алмасу үрдісін қамтамасыз ету мақсатында «ОАЭК» АҚ төмендегідей негізгі принциптерді ұстанатынын мәлімдейді:
- Басқару және инвестициялар жөніндегі шешімдерді қабылдаған кезде ашықтықтың жоғары деңгейі;
- Қаржылық есептіліктің транспаренттілігі;
- Компания туралы берілетін ақпараттың шынайылығы;
- «ОАЭК» АҚ-ны және оның еншілес қоғамдарын дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты беру жеделдігі.
Компания өз абыройына ерекше көңіл бөледі және бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді түрде қызметтеседі. «ОАЭК» АҚ баспасөз орталығының негізгі міндеті – бұқаралық ақпарат құралдарында Компанияның қызметі туралы барынша толық, жедел, объективті мәліметтердің берілуіне септігін тигізу.
Бұл бөлімде Компанияның ағымдағы жаңалықтарымен және баспасөз релиздерімен, басшылық өкілдерінің көпшілік алдындағы сөздерімен таныса аласыз. Сонымен қатар, бөлім электр және жылу энергетикасы нарығында болып жатқан оқиғаларды білуге, суреттер мен бейне материалдар галереясын және Компания мен оның еншілес қоғамдарында болған және жоспарланып отырған іс-шаралар күнтізбесін қарауға мүмкіндік береді.
«ОАЭК» АҚ баспасөз орталығы сұрату бойынша Компанияның қызметі жөніндегі мәселелер туралы ақпараттық материалдарды беруге, «ОАЭК» АҚ-ның және оның еншілес қоғамдарының басшыларымен және жетекші қызметкерлерімен сұхбат ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментке хабарласуыңызға болады: