«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» акционерлік қоғамы (http://pavlodarenergo.kz) вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, оған Павлодар облысының барлық қуатпен қамсыздандыру буындары (қуат ресурстарын генерациялау, тасымалдау және өткізу) кіреді. Кәсіпорын «Орталық-Азия электр-энергетикалық корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) компаниялар тобына кіреді.

Компания 2000 жылы құрылғаннан бері қызметін жүзеге асырып келеді. 2000 жылғы 15 қарашада «Солтүстік жылу желілері» ЖШС тіркелді, 2002 жылғы 25 маусымда ол «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ етіп өзгертілді.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның құрамына төмендегі ұйымдар кіреді:

  • Павлодарлық 2-ЖЭО;
  • Павлодарлық 3-ЖЭО;
  • «Павлодарские тепловые сети» ЖШС;
  • «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ;
  • «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС

Электр станцияларының белгіленген жалпы электрлік қуаты 662 МВт құрайды, жылу қуаты бойынша белгіленген қуаты – 2240 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат – Екібастұз алқабының тас көмірі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жалпы ауданы 105,9 мың шаршы шақырым, 754 мың тұрғыны бар Павлодар облысының аумағын электр қуатымен қамсыздандырады.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өндіретін электр қуаты Қазақстанның Ақмола және Павлодар облыстарының нарықтарына жеткізіледі. Компанияның электр қуатын беру желілерінің ұзақтығы – 15 934 шақырым шамасында. Жылу желілерінің жалпы ұзақтығы – 760,9 шақырымнан астам.

Компания корпоративтік басқару стандарттарын белсенді түрде ендіруде, сондай-ақ Компания үнемі бизнес үрдістерді оңтайландырады және өндіріс, денсаулық сақтау салаларында және әлеуметтік салада өз қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестікке келтіру тәжірибесін жетілдіруде.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ келесі сертификаттарға ие:

ISO 9001, Сапа менеджменті жүйесі (2015);

ISO 14001, Қоршаған ортаны басқару жүйесі (2015);

ISO 45001, Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті басқару жүйесі (2018);

ISO 50001, Энергия менеджменті жүйесі (2018).