«АЭҮК» АҚ

«Ақмола электр желісін үлестіру компаниясы» АҚ («АЭҮК» АҚ http://arek.kz) 2001 жылы құрылған. Компания Ақмола облысының 14 әкмшілік ауданында сондай-ақ Астана қаласының бір бөлігінде 110-35-10/6-0,4 кВ өңірлік тарату желілері бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асырады.

Қызмет көрсету аймағы 114 390 шаршы шақырымды құрайды. «АЭҮК» АҚ басқаратын желінің жалпы ұзындығы 21 000 км құрайды. Компанияның активтеріне жалпы қуаты 2 970 МВА болатын 3 551 қосалқы станция кіреді. «АЭҮК» АҚ желілері бойынша жыл сайынғы электр энергиясын беру 2,5 млрд кВтсағ-тан асады, ал электр қуатының ең жоғары жүктемесі 546 МВт-ты құрады. 

«АЭҮК» АҚ Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесінің бөлігі болып табылады. Компанияның электр желілеріне түрлі меншіктегі кәсіпорындар шоғырланған Қазақстанның өндірістік өңірі – Ақмола облысы ұйымдарының көпшілігі қосылған.

«АЭҮК» АҚ құрамына басқарушы компания, электр желілері кәсіпорындарының бір филиалы (ЭЖК), ауданаралық электр желілерінің екі филиалы (ААЭЖ) және 13 аудандық электр желілері (АЭЖ) кіреді.

Степногор ААЭЖ

Есіл ААЭЖ

Ақмола ААЭЖ

Ақкөл АЭЖ

Бұланды АЭЖ

Ерейментау АЭЖ

Шортанды АЭЖ

Есіл АЭЖ

Жақсын АЭЖ

Жарқайың АЭЖ

Сандықтау АЭЖ

Атбасар АЭЖ

Аршалы АЭЖ

Астрахан АЭЖ

Целиноград АЭЖ

Қорғалжын АЭЖ

 

«АЭҮК» АҚ мақсаты – Ақмола облысы энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. «АЭҮК» АҚ бизнес тиімділігін және компания активтерінің нарқтық бағасын арттыруға бағытталған қызметтерді іске асырады.

«АЭҮК» АҚ өндірістік қызметтерін жетілдіру мақсатында 2011 жылдан бастап инвестициялық жобалар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Электр желілерін және энергетикалық жабдықтарды қайта құру және жаңғырту, жаңа техникаларды қолданысқа енгізу, сондай-ақ, электр энергиясын беру есебі жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.