Бүгін сағ.12:20-да «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-да №1 түтін құбыры тәжірибелік-өнеркәсіптік іске қосу сәтті жүргізілді. Сынақтың негізгі мақсаты- техникалық сипаттамаларды өлшеу және түтін газдарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін реттеу.

«Жоба аясында жабдықты ауыстыру және таңбалау бояуын қолдану бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отырмыз, содан кейін түтін құбырын өнеркәсіптік пайдалануға енгіземіз»-деп, Петропавл 2-ЖЭО директоры Дмитрий Захаров атап өтті.

Еске салайық, түтін құбырының діңін құю 2024 жылғы 5 тамызында басталды, құрылыс рекордтық мерзімде -73 күнде аяқталды, соңғы куб бетон 2024 жылдың 16 қазанында құйылды. Қалыптарды бөлшектегеннен кейін қорғаныс қалпақшасы, баспалдақ, бағдаршам алаңдары, қылтималар, сыртқы жарықтандыру, найзағайдан қорғау орнатылады. Діңнің биіктігі 180 м құрайды, бұл № 2 және 3 қолданыстағы түтін құбырларынан 30 м жоғары.

2025 жылдың наурызында түтін құбырының жертөлесін орнатуға кірістік, діңнің ішіне қоррозияға қарсы қорғаныс қолданды, сонымен қатар 1 бастап 4 қазандық агрегаты бойынша магистральдық газ құбыры ауыстырылды. Бұдан басқа, қоршаған ортаға шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды.

Жаңа түтін құбыры Петропавл 2-ЖЭО электр және жылу энергиясын өндірудің сенімділігін арттырады.