«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ электромонтерларытүркі мемлекеттері ұйымы елдерінің энергетиктерінің халықаралық байқауында екінші орынды иеленді.
Виктор Пархоцюк, Надияр Кунанбаев, Иван Ефименко, Валерий Шукаев және Сергей Шаренков «2025 жылдың таратушы электр желілерінің үздік бригадасы» атағы үшін күресте Қазақстанды лайықты көрсетіп, күміс жеңіп алды.
Жарыс 2025 жылдың 27 маусымынан бастап 30 маусымы бойынша «Қырғызстанның ұлттық электр желісі» АКҚ филиалының электр желілерінің Ыстықкөл кәсіпорнының оқу-жаттығу полигонында Қаракөл қ. (Қырғызстан Республикасы) өтті. Онда Әзербайджан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен бригадалар қатысты. Түркия және Венгрия елдері байқаудың бақылаушылары болды.
Солтүстік Қазақстан энергетиктерінің бригадасы екі күн ішінде дайындықтың жоғары деңгейін, жұмыстың үйлесімдігін және практикалық міндеттердің мінсіз орындалуын көрсетті.
Байқау бағдарламасына энергетиктердің нақты жұмыс жағдайларына барынша жақын негізгі кезеңдер кірді:
- «Электр тогі әрекетінен зардап шегушіні босату»- қатысушылар төтенше жағдайды имитациялау жағдайында құтқару жұмыстарын жүргізудің жылдамдығы мен дұрыстығын көрсетті.
2.«Манекен-тренажерда реанимация жүргізе отырып, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету» – энергетиктер төтенше жағдайларда маңызды болып табылатын, алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.
- «ГКТП-10/0,4 кВ өртті сөндіру» – команда төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайын екендіктерін растап, электр жабдығының шартты жануды жоюмен сәтті айналысты.
Байқаудың қазылар алқасы біздің команданың тапсырманы орындау шеберлігін, ұқыптылығын және жеделдігін атап өтті. Виктор Пархоцюктің жеке жетістігі ерекше назар аударуға тұрарлық. Өз номинациясында «Үздік шебер» атағы берілді:«Бұл нәтиже мамандарымыздың дайындығы жоғарлығының, жауапкершілігі мен мамандығына деген адалдығының дәлелі. Біз өз ұжымымызды мақтан тұтамыз және олардың тәжірибесі мен дағдылары еліміздің энергия саласының сенімді жұмыс істеуіне алдағы уақытта да өз үлесін қосатынына сенеміз»-деп, Виктор Пархоцюк атап өтті.
Байқау әр елдің энергетиктері арасында тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды және электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады.
«ОАЭК» АҚ және «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ұжымдары әріптестерді осы елеулі жетістікпен құттықтап, халықаралық деңгейде беделін нығайта түсетін, кәсібилігі үшін алғыс білдіреді.