Маусымның 10 күнінен бастап 12 күніне дейін «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату  Компаниясы» АҚ Қызылжар ЭЖА жаттықтыру полигонында «Орта Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) еншілес ұйымдары энергетикалық компанияларының жедел-жөндеу персоналының бригадалары арасында жыл сайынғы кәсіби жарысы өтті.  

«ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Багдат Орал шаралардың маңызы зор болғаны туралы айтты:  «Бұл жарыстар Корпорация үшін маңызды дәстүр болып табылады. Жарыс арқылы үздік мамандарды анықтауымен қатар аймақтар арасында алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді. Жарыстың барлық қатысушылары өзінің кәсіби шеберлігін дәлелдеп, орындарында қатаң ішкі таңдаудан өтті. Осында алған білімдері мен дағдылары біздің жұмыскерлерімізге кез келген жағдайда тұтынушыларды одан да тиімдірек энергиямен жабдықтауға көмектесетініне сенімдімін».  

Жарыстың соңғы күні «ОАЭК» АҚ электр желі тарату компаниялар арасында аумақтық кезеңдерінің нәтижесі бойынша таңдалған ең мықты алты бригада қатысты:  

- «Ақмола ЭТК» АҚ-ның Есіл және Жақсын аудандық электр желілері;  

- «Павлодар ЭТК» АҚ-ның Ақсу электр желілері мен Железин аудандық электр желілері; 

- «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның Жамбыл аудандық электр желілері мен қалалық электр желілерінің басқармасы». 

Үш күн бойы жұмыскерлер нақты жұмыс жағдайына жақындатып жасалған жағдайларда өз кәсіби шеберліктерін көрсетті. Катысушылар техникалық дайындығының жоғары деңгейін, еңбекті қорғау ережелерін қатаң түрде сақтауын және заманауй технологияларды тиімді пайдалануын дәлелдеді. 

Бригадалар жарыстың алты кезеңінен табысты өтті, оған теориялық білімдері, практикалық дағдылары кірді: олар, қуіпсіздік техникасы бойынша экспресс-тестілеу, «Александр-08» жаттықтырғышты пайдалануымен құтқару жұмыстарының кешендік имитациясы, электр тарату әуе желілерінде практикалық тапсырмалар, қосалқы стансалар жабдықтарына диагноз қою. 

Жарыс нәтижесі бойынша «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының бригадасы жүлдері орын алды, екінші орын «Павлодар ЭТК» АҚ-ның Ақсу электр желілерінің бригадасында, ал үшінші орында «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-ның Жамбыл аудандық электр желілерінің бригадасы.

Жарыс барысында Виктор Пархоцюк, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасы қала бойынша 10-0,4 кВ ӘЖ қызметінің шеберіне «Үздік шебер» атағы, Надияр Құнанбаев, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасы қала бойынша 10-0,4 кВ ӘЖ қызметінің бөліп тарату желілерін пайдалану бойынша электромонтеріне  «Үздік электромонтер» атағы  беріліп жарыстың арнайы марапаттарына ие болды. «Аумағымыздағы таңдау кезеңінен жеңіске деген жолымыз басталды, біз «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ атынан жарысқа қатысуға лайық болғанымызды дәлелдедік, - жеңіп шыққан командасының бригадирі Виктор Пархоцюк деді – сынақтың ең қиын кезеңі, ол 12 метрлік биіктікте оқшаулағыштарды ауыстыру жұмысы болды – бұл жұмыста дағдыларыңмен қатар командамен бірігіп жұмыс жасау қабілеті маңызды болды. Осындай жарыстар баға жетпес тәжірибе береді және кәсіби даму үшін түрткі болады». 

Жарыс төрешілері тапсырманың жылдам және сапалы орындауына ғана емес, және де  еңбекті қорғау нормаларының қатаң сақталуына, жұмыста инновационных әдіс-тәсілдерінің қолдануына да назар аударды. 

Бұл шара электр желі тарату компаниялар мамандарының жоғары біліктілігі мен олардың кез келген жағдайда  міндеттерді жылдам шешуге дайындығын дәледеді. Алған тәжірибелері саладағы жұмысты әрі қарай жетілдіру үшін қолданылады.