Жыл сайынғы Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясының (ОАЭК) спартакиадасы Петропавл қаласында өтті. Биылғы жарысқа былтырғы жеңімпаз – «СЕВКАЗЭНЕРГО» құрамасы иелік етті. Жарыс дәстүр бойынша ОАЭК-тың туған күніне орайластырылған. Тамыздың 8-інде Корпорацияның құрылғанына 17 жыл толды.
Спартакиадаға 8 команда – кәсіпорын өкілдері қатысты:
ОАЭК/Green Energy құрамасы
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ командасы
«Ақмола Электржелілік Үйлестіру Компаниясы» АҚ
«ЕвразианТек» ЖШС
«KazakhTrans-Service» ЖШС
«Трест Средазэнергомонтаж» АҚ
«Екібастұз Жылу Желілері» ЖШС
Кәсіпорын қызметкерлері спорттың үш түрінен сынға түсті: шағын футбол, үстел теннисі және шахмат. Жалпы есеп бойынша:
1-орынды ОАЭК/Green Energy құрама командасы жеңіп алды.
2-орынды ПАВЛОДАРЭНЕРГО және СЕВКАЗЭНЕРГО командалары бөлісті.
3-орын АЭҮК командасына бұйырды.
Бұл нәтижелер жеке және командалық жеңістерден құралды.
Шағын футболдан 1-орынды «Екібастұз Жылу Желілері» ЖШС қызметкерлері жеңіп алды.
2-орын – ОАЭК/Green Energy құрамасы, 3-орын – СЕВКАЗЭНЕРГО командасында.
«Үздік ойыншы» – Елтай Мәкенов, АЭҮК
«Үздік қорғаушы» – Ислам Қуанай, ПАВЛОДАРЭНЕРГО
«Үздік шабуылшы» – Руслан Төлеубаев, Екібастұз Жылу Желілері
«Үздік шабуылшы» – Асанбек Жұмақан, ОАЭК/Green Energy құрамасы
«Үздік қақпашы» – Нұрболат Сарбасов, ОАЭК/Green Energy құрамасы
«Үздік қақпашы» – Николай Максимов, СЕВКАЗЭНЕРГО
Үстел теннисі
1-орын – ОАЭК/Green Energy құрамасы
2-орын – СЕВКАЗЭНЕРГО
3-орын – ЕвразианТек
«Үздік ракетка» – Владислав Гарбовский, ОАЭК/Green Energy құрамасы
«Үздік доп беру» – Айнар Чаймарданова, ЕвразианТек
«Үздік ойын стратеги» – Зарема Смайл, Екібастұз Жылу Желілері
«Көрермен көзайымы» жүлдесі – Татьяна Колесникова, СЕВКАЗЭНЕРГО
Шахмат
1-орынды «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» командасы, 2-орынды – АЭҮК, 3-орынды –ОАЭК/Green Energy құрамасы иеленді.
«Турнир гроссмейстері» – Бауыржан Ержанов, ОАЭК/Green Energy құрамасы
«Шахмат ханшайымы» – Ирина Грюкачева, ПАВЛОДАРЭНЕРГО
«Эндшпиль королі» – Сағадат Смағұлов, KazakhTrans-Service
Спартакиаданың жеке түрі болып чирлидерлердің өнері танылды. Қыздар арнайы номинациялармен марапатталды:
«Стиль энергиясы» – Екібастұз Жылу Желілерінің чирлидер командасы
«Креативті қолдау» – «АЭҮК» АҚ чирлидерлері
«Визуалды эффект» – ОАЭК/Green Energy құрамасының жанкүйер қыздары
«Адреналин жарылысы» – ПАВЛОДАРЭНЕРГО командасы
«Біртұтас импульс» – СЕВКАЗЭНЕРГО чирлидерлері
«Найзағайдай жылдам реакция» – ЕвразианТек командасы.
Корпоративтік спорт мерекесі әртүрлі кәсіпорынның әріптестерін біріктірді. Спартакиадаға 200-ден астам адам қатысты, тағы бірнеше мың адам жұмыс орындарында тікелей эфирді тамашалады. Келесі жылы энергетиктердің жарысы Астана қаласында өтеді.