2025 жылғы 3 қарашада «Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ (ҚЭҚ) Директорлар Кеңесінің отырысы өтті. Директорлар Кеңесі мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша ҚЭҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып «ОАЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Орал сайланды.

Ұйымның ережелері бойынша ҚЭҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы үш жыл мерзімге сайланады.

Қазақстандық Электроэнергетикалық Қауымдастық құрамына энергетика саласының 120-дан астам ұйымы кіретін елдің ірі салалық бірлестіктерінің бірі болып табылады.

ҚЭҚ-тың негізгі міндеті сала мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында ашық сындарлы диалог құру, электроэнергетикасы саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру, сондай-ақ кадрлар даярлау үшін кәсіби стандарттарды әзірлеуге қатысу болып табылады.