«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату  Компаниясы» АҚ нысандарында «Негізгі құралдарын реконструкциялау және жаңғырту» 2025 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша  ақпараттық тур өткізілді. БАҚ, қоғам мен аумақтық комитетінің өкілдері үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи  монополияларды реттеу бойынша комитетінің департаментінің қатысуымен ұйымдастырылған шараларында энергетиктер облыс тұтынушыларын электрмен сенімді және сапалы жабдықтауға бағытталған жаңғыртудың негізгі нысандарын көрсетті.

Инвестициялық бағдарлама бойынша өте маңызды энергетикалық нысандарының  реконструкциясы мен жаңғыртуына  3,71 млрд теңге қаражат салымын қарастырады, бұл нысандардың басым бөлігінің тозу деңгейі өте жоғары.

Кәсіпорын келесі жобалардың орындалуына ерекше назар аударады:

1. 220/35/10 кВ «Смирнов» қосалқы стансасының реконструкциясы (Аққайың ауданы). 1969 жылы салынған қосалқы стансасының толығымен жаңарту жұмыстары Смирнов селосы мен оның жанындағы елді мекендеріндегі 2 717 тұтынушыларын ажырату тәуекелінен сақтайды. Қазіргі кезде жабдықтар жинақталып, жұмысқа қосу-реттеу жұмыстары жасалып жатыр.

2. №11 қосалқы стансаның 10 кВ жабық тарату құралғысының реконструкциясы (Петропавл қ.). 1988 жылдан бері пайдалануда болған қосалқы стансаның жаңартылуы 6 000 жуық тұтынушыларды, өнің ішінде ПЗТМ, Құбырлар және Трактор зауыты сияқты ірі өнеркісіптік кәсіпорындары кіреді, үзіліссіз электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді. Ескірген жабдықтарды бөлшектеу және жаңа ғимаратта заманауй вакуум ажыратқыштарын орнату үшін  кабіл арналарын дайындау жұмыстары аяқталды.

3. «Новомихайловка» және «Николаевка» қосалқы стансаларын жаңғырту. 1985 жылғы нысандарында май ажыратқыштары бар ескірген ұяшықтарын заманауй вакуум ажыратқыштарына ауыстырылуы  Мамлют және Есіл аудандарындағы тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігін көтерді.

4. 35 кВ «Октябрьская-Коноваловка» әуе желісінің қалпына келтіру жұмыстары 2024 жылғы су тасқынының салдарын жоюға бағытталған. 5 км электр тарату желілері қалпына келтірілді, ол жұмыстар тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігін көтереді.

«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ бас директоры Александр Чекулаев - «Компаниямыздың басты міндеттерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысын электрмен тұрақты және сапалы жабдықтау. Барлық бөлінген қаражат аумақ энергетикалық жүйесінің сенімділігіне тікелей әсер ететін стратегиялық маңызды жобаларға жұмсалып жатыр. Біз бекітілген жоспарларға сәйкес барлық алған міндеттердің орындалуын көздейміз» деді.

Инвестициялық бағдарлама бойынша «Тимирязев-Богдан Хмельницкий» 35 кВ әуе желісінің реконструкциясы, «2ЖЭО-Сібір» 110 кВ әуе желісінде нажағай тросын ауыстыру, СҚО  35-110 кВ ӘЖ-нің күрделі жөндеуі, трансформаторлық қосалқы стансалар мен 10/0,4 кВ сыртта орнатылған кешендік трансформаторлық қосалқы стансаларының ғимраттары мен жабдықтарының реконструкциясы сияқты басқа да шаралары қарастырылды.

Сонымен қатар, Петропавл қаласында 35/10 кВ "Мехколонна-60" қосалқы стансасының реконструкциясына, 110 кВ «Возвышенка-Киялы» 110 кВ әуе желісін қайта құруға, Петропавл қаласында кабіл желілерінің және М.Жұмабаев ауданы Булаев қ. 0,4 кВ әуе желісінің реконструкциясына жоба-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша келісім-шарттар жасалып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Барлық аталып өткен шаралар бойынша жобаларды орындау және де құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасау үшін авторлық және техникалық қадағалау жасайтын ұйымдары анықталды.

Негізгі қосалқы стансалар мен электр тарату желілерінің жаңғыртуы облыс тұрғындары мен маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындары сияқты мыңдаған тұтынушылар үшін элетр энергиядан ажырату жиілілігі мен ұзақтығын азайтуға мүмкідік береді.

Энергетиктер Инвестициялық бағдарламамен қарастырылған барлық жұмыстарды 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтауға жоспарлайды.