«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) Қазақстанның энергетика саласы үшін білім беру базасын дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға басымдық береді.

ОАЭК «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» (АЭжБУ) базасында заманауи оқу-жаттығу кешенін ұйымдастыруға материалдық қолдау көрсетті. Бұл жаңа орталық студенттерге диспетчерлік басқарудың теориялық негіздері мен нақты механизмдерін оқып-үйренуге, сондай-ақ елдің энергетикалық нысандарының жұмыс жағдайларына барынша ұқсас модельдерде жаттығуға мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу алаңы заманауи техникамен жабдықталған: бейнеқабырға, нұсқаушылар мен студенттерге арналған жұмыс станциялары, сондай-ақ SCADA және DTS диспетчер тренажері сияқты мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету бар. Орталықтың цифрлық ортасында жұмыс істеп тұрған электр станциялары, қосалқы станциялар және электр беру желілерін қамтитын Қазақстанның энергия жүйесінің өзекті схемасы орналастырылған.

ОАЭК үшін оқу орындарымен ынтымақтастық – басым міндеттердің бірі. ОАЭК Басқарма төрағасы Бағдат Оралдың Энергетика жөніндегі Индустриялық кеңестің белсенді мүшесі екенін атап өткен жөн, бұл компанияның салалық білім беру мәселелеріне жүйелі түрде қарайтынын көрсетеді.

Бұл бастама ұзақмерзімді ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады. Мәселен, тек 2025 жылдың өзінде ОАЭК компаниялар тобының 26 қызметкері Алматы энергетика және байланыс университетінде біліктілігін арттырды.

Фото АУЭС