06 сен, 2024
Ақмола үлестіру компаниясы жарты жылда 2,5 мың шақырым электр беру желісін жөндеді

2024 жылғы 6 қыркүйекте Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп инвестициялық бағдарлама жобасын және тарифтік сметаны орындау бойынша баспасөз-турын өткізді.

«АЭҮК» АҚ инвестициялық бағдарламасы желілер мен жабдықтарды жаңартуға, негізгі құралдардың тозуын азайтуға, қызмет көрсету сапасын, энергия жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыруға және тұтынушыларды энергиямен жабдықтаумен қамтамасыз етуге бағытталған. 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы 31,8 млрд. теңгені құрайды. Инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары 2024 жылдың 7 айында 1,5 млрд теңгеге орындалды.

Инвестициялық бағдарламаның 2023 жылғы жобалары жалпы сомасы 4,2 млрд. теңгеге толық көлемде орындалды. Бұл дегеніміз 35 кВ 10 кіші станцияны техникалық жаңғырту, реклоузерлерді орнату, жалпы ұзындығы 2500 км әуе желілерін және 705 жиынтық-трансформаторлық кіші станцияларды, сондай-ақ әкімшілік және өндірістік мақсаттағы жеті ғимаратты күрделі жөндеу, 31 бірлік жаңа арнайы техника мен автокөлік сатып алулар.

 Баспасөз туры барысында қатысушылар: Макинск қаласындағы жөндеу-өндірістік базасына; Шортанды ауылындағы «Алексеевка», «Шортанды» және «Ново-Александровка» 110/35/10 кВ кіші станциялары энергия объектілеріне барды, Астана қаласындағы 10/0,4 кВ электр беру желілерін техникалық жаңғыртумен, күрделі жөндеу объектілерімен танысты.

2023 жылы «АЭҮК» АҚ электр энергиясын беру көлемі 2,7 млрд. кВт/сағ құрады және 2024 жылдың І жартыжылдығында – 1,4 млрд. кВт/сағ. Ақмола облысы бойынша ТМРА бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 1 маусымынан бастап 1 кВт / сағ үшін 9,14 теңге мөлшерінде тариф бекітілді.