Станция жарты ғасыр бойы бір түтін құбырымен жұмыс істеп келген. Магистральдік түтін жолдары бар жаңа темірбетон құбырын пайдалануға енгізу № 3, 5 және 6 қазандық агрегаттарын жұмыстың жобалық схемасына ауыстыруға мүмкіндік берді.
Құбыр құрылысы 2018 жылы басталған. Сол кезде инвестициялық бағдарлама шеңберінде № 2 түтін құбырының іргетасы қаланды. 2022 жылы 90 күн ішінде темірбетон оқпаны тұрғызылды. 2023 – 2024 жылдар аралығында магистральдік түтін жолдарының жаңа учаскесі салынып, қыркүйек айынан бастап жұмыс үшін № 6, 5 және 3 қазандық агрегаттарын жаңа № 2 түтін құбырына кезең-кезеңімен қосу іске асырылуда.
«Үш қазандық агрегатын № 2 түтін құбырына ауыстырып-қосу келесі жылы №1 түтін құбырын жөндеу мүмкіндігін береді, - деп баяндады 3-ЖЭО жетекші инженері Сергей Богомолов. – Бұл ретте электр және жылу энергиясын өндіру үдерісі сақталып, барлық өнеркәсіптік аймақ шектеусіз энергиямен қамтамасыз етіледі».
Сонымен қатар, ел Президентінің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жаңа түтін құбырын іске қосу Павлодар 3-ЖЭО-ның жалпы тозу деңгейін айтарлықтай азайтып, қазандық агрегаттары жұмысының тиімділігін арттырады. Енгізілген жаңа түтін құбыры оларды жобалық схемаға сәйкес пайдалану және электр станция жұмысын тоқтатусыз, қажетті регламенттік жөндеу жұмыстары мен тексерулер жүргізу мүмкіндігін береді.