Петропавл 2-ЖЭО-да  №1 түтін   мұржасы діңінің  құрылысы аяқталды. Түтін мұржасын көтеру- Петропавл 2-ЖЭО қайта құру және жаңғырту инвестициялық бағдарламасының кезекті  кезеңі, бұл стансаның экологиялық және технологиялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.    

Шарт ағымдағы жылдың мамыр айында  «КазтеплоСПЕЦСТРОЙ» ЖШС мердігерлік ұйыммен жасалды.Құрылыс конустық сырғымалы қалыптарды қолдану арқылы жүргізілді, әзірлеуші және жеткізушісі - Австрияның «GLEITBAU G.M.B.H.»  қосалқы мердігер ұйымы.Үздіксіз құрылысты қамтамасыз ету үшін 92 қызметкер жұмылдырылды.      

Жаңа түтін мұржасы конустық пішінде, оның диаметрі  негізде 20,52 метрді және  жоғарғы жағында 9,2 метрді, негізіндегі мұржаның  қалыңдығы - 800 мм,   жоғары жағында- 250 мм құрайды. Конструкцияның   биіктігі 180 метрды құрайды, бұл  2-ЖЭО   жұмыс жасап тұрған №2 және №3  мұржалардан 30 метрге артық. Діңді тұрғызу үшін      3 300,6   ауыр бетон және  1 217,1   жеңіл бетон,  530 тонна әртүрлі диаметрдегі арматура пайдаланды. 

«5 тамызда түтін мұржасының діңі құйылды,  бекітілген жоба бойынша 15 қарашада аяқтау жоспарланды. Бірақ 73 күнде, бір ай ерте бітірдік. Біз  әлі де көп жұмыс көлемін  атқаруымыз керек. Қалыптарды бөлшектегеннен кейін  қорғаныс қалпақшасы, жүретін баспалдақ, бағдаршам  алаңшалары,  қылтималар, сыртқы жарықтандыру, найзағайдан қорғау  орнатылады»,-деп   «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры  Анатолий Казановский   айтты.          

2025 жылы күл жиналатын үй-жайды орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, химиялық қорғаныс және таңбалау бояуы қолданылды. 

«Сондай-ақ қазандық агрегаттарынан газ жүру жолы келтіру керек.   Барлық жұмыстар аяқталған соң жаңа түтін мұржасына қолда бар  12-інен стансаның  7 қазандық агрегаты қосылатын болады. Сонымен қатар 2025 жылдың қыркүйек айына дейін № 1, 2, 3, 4, 5, 6 қазандық агрегаты қосылады. 2026 жылы  жаңа түтін мұржасына №7 қазандық ауыстырылады, ал №12   қазандық №3 түтін мұржасына қосылады.  Осылайша, қазіргі таңда №2 түтін мұржасында жұмыс істейтін барлық  қазандық агрегаттары  екі  мұржаға ауыстырылады. Осы жұмыстарды аяқтап, 2026 жылы №2 түтін мұржасын бөлшектеуді жоспарлаймыз»,-деп  Анатолий Казановский  жоспарларымен бөлісті.  

Жаңа мұржаның шығарулары мен техникалық параметрлерін бақылауды қамтамасыз ету үшін, онда автоматтандырылған мониторинг   жүйесі орнатылады.   №1 түтін мұржасы  келесі жылдың қазан айының басында пайдалануға  беріледі. 

 

 

 

Анықтама:

Мұржаның құрылысы конустық сырғымалы  қалыптарды қолдану арқылы  жүзеге асырылды, бұл 2024 жылдың 23 шілдесінде За́льцбург (Австрия) қаласынан    Петропавл 2-ЖЭО аумағына  төрт жүк көлігінде бөлшектелген күйде жеткізілді.  

Қалыптарды орнату және жинау   «GLEITBAU G.M.B.H.» супервайзерлердің бақылауында  жүзеге асырылды. Негізгі  құрамдас бөліктерді  жинағаннан кейін қалып конструкциясы  іргетасқа орнатылды.  

Жұмыс алаңы қалыппен бірге домкраттардың нөлдік белгісінен жылжытылды, олар алдын-ала бетон корпусына  орнатылған. Қалыптың техникалық биіктігі  метр шамасында, бірақ бетон 20-30см қабаттармен төселді. Қабат конструктивтік беріктікке ие болғаннан кейін, келесі төселеді, ал қалып конструкциясы қатайтылған бетон қоспасының беті бойымен еркін қозғалады.    

Сырғымалы қалып әдісі салынып  жатқан мұржаны  тәулігіне 2 метрге және  одан да ұлғайтуға мүмкіндік береді, процесс конструкцияны әр уақытта бөлшектеу және қайта жинауды қажет етпей, үздіксіз жүргізіледі