Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының кеңейтілген жалпы жиналысы осы аптада Астанада өтті.
«ҚЭА жиналысы екінші жыл қатарынан мемлекеттік органдар өкілдерінің белсенді қатысуымен өтуде. Меніңше бұл өте жақсы. Кабинеттік талқылаудан басқа, біз өткізетін кездесулер мен дөңгелек үстелдерден басқа, бұл тағы да жаңа формат - өте тиімді екенін растауда. Яғни, нарық өзінің қандай да бір проблемалық мәселелері туралы айтады, өз шешімдерін ұсынады, мемлекеттік органдар да өз ұстанымдарын білдіріп, сындарлы ұжымдық шешімдер әзірленеді», - деп бөлісті «Орталық -Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Орал.
Кездесуге қатысушылар елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін энергетика саласын реттеу бөлігінде елеулі жақсартуларды атап өтті.
«Қуат құнын, шекті тарифтерді түзету негізінен жөндеу, жалақы, көмір құнының өсуі сияқты шығындар баптарына бағытталған. Біз нақты экономикалық тиімділікті көріп отырмыз – ОАЭК компаниялар тобы бойынша жөндеу бабы екі есеге жуық өсті. Бұл, әрине, жақсарту динамикасы жүріп жатқанын, жабдықтың істен шығуы азайып бара жатқанын көрсетеді. Егер, кем дегенде, осындай жұмыс көлемін сақтап қалсақ, онда энергетика секторы 3-4 жыл ішінде өте жақсы нәтиже көрсетеді», - деп атап өтті Бағдат Орал.
Кездесуде алдағы 10 жылға арналған саланы дамыту стратегиясы, сондай-ақ энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба таныстырылды.
«Ұлттық жоба – қазақстандық Энергетика тарихында теңдесі жоқ уақтылы, шын мәнінде революциялық бағдарлама. Бұл бағдарлама ұзақ уақыт бойы табиғи монополиялар субъектілері үшін, оның ішінде жылу генерациясы бөлігінде тарифтерді қатаң реттеп, тежеп отырғанымыздың мәжбүрлі шарасы және нәтижесі екенін мойындауымыз керек. Бұл бағдарлама бірінші кезекте станцияларда да, желілерде де тозуды азайтуға қатысты Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталған. Бұл бағдарламаны біз күткен едік және Үкіметтің энергетикадағы жағдайды жақсарту бағытында үдемелі тексерілген қадамдар жасап жатқанын көріп отырмыз», - деп атап өтті «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы Талғат Темірханов.
Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастықтың құрамына энергетика саласының 120-дан астам ұйымы, оның ішінде «жасыл» энергетика кәсіпорындары кіреді. КЭА-ның негізгі міндеті - энергетиканы дамытудың өзекті мәселелері бойынша бірлескен шешімдер іздеуге бағытталған сала мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында ашық сындарлы диалог құру болып табылады.