Корпоративтік басқару

«ОАЭК» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстанады. Компанияның қызметі барлық тараптардың, атап айтқанда инвесторлардың, акционерлердің, Компания жұмысшыларының және лауазымдық тұлғаларының мүдделерін теңдестіріп есепке ауға негізделеді.

Компанияның Директорлар кеңесі стратегиялық міндеттерді айқындайды, қызметті қадағалаудың қажетті механизмдерін, соның ішінде кәсіпорынның жұмысына ағымдағы мониторинг жүргізу және қызметінің нәтижелерін бағалау механизмдерін қолдайды. Директорлар кеңесінің құрамына Компанияға қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын тәуелсіз директорлар кіреді.

Бизнес үрдістерді жетілдіру және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында Компанияда ішкі қадағалау механизмдері ойластырылған.

«ОАЭК» АҚ-ның ішкі қадағалау жүйесі жүйеге келтірілген, барлық деңгейлердегі стратегиялық және оперативтік басқаруға кірістірілген, бұл жүйе кез келген бизнес үрдістердің аясында өз функцияларын орындау кезінде барлық бөлімшелер мен қызметкерлерді қамтиды.

Компанияның Директорлар кеңесінің жанында Аудит жөніндегі комитет жұмыс істейді, ол қаржылық есептіліктің шынайылығын және ішкі қадағалау мен тәуекелдерді басқару жүйелерін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін қабылданған шешімдерге және үрдістерге мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

«ОАЭК» АҚ ақпараттық жариялылық және қызметінің ашықтығы саясатын ұстанады. Компанияда ақпараттың ашық көздеріне Компанияның қызметі туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары көзделген. Солайша, акционерлер Компанияда болып жатқан оқиғаларды үнемі бақылап отыра алады.