Марапаттау рәсімі кездесудің ерекше сәтіне айналды. Солтүстік Қазақстан облысының энергетика кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері Александр Елисеев партияның «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, белсенді азаматтық позициясын танытып жүрген ОАЭК тобының жас мамандары AMANAT партиясының қатарына қабылданды:

  • Данияр Байжігітов – Петропавл 2-ЖЭО электр монтері.
  • Іңкәр Кәрібай – Павлодар 2-ЖЭО сынақтар және өлшеулер жөніндегі электр монтері.

«Партия қатарына өту мен үшін үлкен мәртебе. Компания басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын және Қазақстанның электр энергетикасын дамытуға өз үлесімді қосуға дайынмын», - алған әсерімен бөлісті Іңкәр Кәрібай.

Іс-шара туралы: AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов энергетика саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында тарифтік саясатты жетілдіруден бастап, энергетикалық кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз етуге дейінгі өзекті мәселелер талқыланды. Қордаланған түйткілдерді шешу бойынша бірлескен жоспарлар белгіленді. Кездесуге Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтар мен энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты.