Павлодар қаласында 2019-2020 жылыту маусымы жоспарланған мерзімде кідіріссіз басталды. "Павлодар жылу желілері" ЖШС 16-қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарды, ал 23-қыркүйектен бастап көп қабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосты. Желілердің тозуының жоғары үлесімен байланысты бірқатар жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, жылыту маусымының басталуы қалыпты жұмыс режимінде өтті деп айтуға болады.