«ОАЭК» тобының электрэнергетикалық инфрақұрылым объектілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын «Севказэнерго» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері тәулік бойы жүргізуде.
2024 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша: Солтүстік Қазақстан облысында электр беру желілерінің 729 тірегіне және екі қосалқы станцияға зақым келтірілді, 98 км. электр желілерін қалпына келтіру қажет.
18 сәуірде Шал ақын ауданында 10кВ желісінің құрылысы мен қосылуы аяқталды. Кеңес, Жаңаталап және Жаңажол ауылдарының 200-ден астам тұрғыны тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Желінің құрылысы кезінде электр қуаты дизельді генераторлардан берілді. «Қызылжар Су» ЖШС уақытша сорғы станциясы үшін электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді (60 қызметкер, 13 арнайы техника жұмылдырылды). 21 сәуірге қараған түні екінші сорғы станциясы электрмен жабдықтауға қосылды.
СҚО Қызылжар ауданында Вознесенка, Надежка және Боголюбово елді мекендерінің тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін темірбетон тіректері орнатылды. 22 сәуірде ұзындығы 15,6 шақырым болатын 10кВ «Леденово-Боголюбово» жоғары вольтты желісі іске қосылды.
Су басқан аудандарды электрмен қамтамасыз ету үшін «Севказэнерго» АҚ қосымша 5 дизельді-генераторлық қондырғы сатып алынды. Олар Новокаменка және Архангелка ауылдарында орнатылған.
Ақмола облысында электр беру желілерінің 212 тірегі мен бір қосалқы станцияның зақымдануы анықталды. «АЭҮК» АҚ желілерінің 39 шақырымын қалпына келтіру қажет. Зардап шеккен аудандарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін компания 11 дизельді генераторды сатып алып, орнатты.
«АЭҮК» АҚ мамандары Ақмола облысының Астрахан ауданында 35/10 «Береговая» қосалқы станциясынан 10 кВ желісі бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясының кәсіпорындары қалпына келтіру жұмыстары үшін барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген. Қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу жедел жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жоюға «ОАЭК» кәсіпорындар тобы 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлуде.