"ОАЭК" АҚ компанияларының қызметкерлері тәулік бойы су тасқыны салдарын жоюға жұмылдырылған.
2024 жылғы 13 сәуірдегі жағдай:
"Ақмола АЭК" АҚ-ға 17 апаттық-техникалық бригада және 88 арнайы техника жіберілді. Таратуға компанияның 241 қызметкері қатысуда.
"Павлодарэнерго" АҚ-ға 16 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Су тасқыны салдарын жоюды тәулік бойы кезекшілік ететін жедел бригадалар жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, компания Солтүстік Қазақстан облысына апаттық-техникалық бригадаларды көмекке жіберді.
"Севказэнерго" АҚ-да 49 авариялық-техникалық бригада құрылды. Заречное ауылында бөгет салуға 85 қызметкер, Петропавлдың жеке секторында еріген қар суын соруға 38 қызметкер қатысуда. Барлығы 225 адам және 59 бірлік арнайы техника.
"ОАЭК" АҚ компаниялар тобы су тасқыны салдарын жоюға барлығы 380 млн теңге бағыттады, оның 100 млн.теңгесі Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жою қорына тікелей жіберілді.