2024 жылғы 17 қаңтарда "Орталық Азия энергетикалық компаниясы" акционерлік қоғамының ("ОАЭК" АҚ) өкілдері мен China Energy International Group Co делегациясы арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, оның ішінде энергия объектілерін жаңғыртуды, жаңартылатын энергия (ЖЭК) саласындағы жобаларды, бу-газ қондырғылары базасындағы электр станцияларын іске асыруды, сондай-ақ энергетика саласындағы жобалауда тәжірибе алмасуды талқылады.


Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігі туралы келісті.
China Energy International Group салалық тізбек бойынша энергетикалық шешімдерді ұсынады. Компанияның әлемнің 147 елінде 256 филиалы бар. Қазіргі уақытта CEIG 416 энергетикалық жобаны жүзеге асыруда.