«Павлодар ЭТК» АҚ-да телекоммуникациялар саласы әрдайым жетілдіріліп отырады. Соның ішінде, Павлодар ЭТК-ның телекоммуникациялар басқармасының ірі жобаларының бірін: компанияның барлық бөлімшелері арасында транкинг байланысын енгізу жүзеге асыру жалғасып келеді.

Бұл байланыстың негізгі артықшылығы – жөндеу жұмыстары мен авариялық-қалпына келтіру жұмыстары кезінде жедел қызмет. Транкинг байланысы Ақсу және Павлодарда жүзеге асып келеді, 2014 жылы ол Электр желілерінің қалалық кәсіпорнында пайда болған. 2015 жылы транкингте Батыс ЭЖК қызметкерлері жұмыс істей бастады. Өткен жылдың соңында «Павлодар жылу желілері» ЖШС қажеттіліктері үшін транкинг құрылғысы қойылды, 2017 жылдың сәуірінде оны жөндеп, жұмысқа кірістірді. Қазіргі таңда транкингті аудандық бөлімшелерде енгізу басталды.