1 маусым қарсаңында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниясы әлеуметтік желілерде өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтауға үгіттейтін жаңаша ролик жүктеді. Бұл видеоның басты кейіпкерлері – компания станцияларындағы жұмысшылардың балалары. Олар «Қауіпсіздік бәрінен маңызды!» ұранын өте шебер, жаңаша леппен жеткізе білді.

Түсірілім жұмыстары станцияда емес, студияда жүргізілді. Өйткені, түсірілім жұмыстарын станцияда жүргізу қауіпсіздік техникасының талаптарына сай келмейді. Балаң тележүргізушілер студияда камера алдында сөйлеп, кейін фон ретінде станция бейнелері шебер монтаждалған. Әлбетте, жас таланттар түсірілім басында қобалжымай қалған жоқ. Алайда олар жеткізген негізгі ой бейнеде сәтті шықты. Бұл ой – өндірістегі қауіпсіздік ең бірінші кезекте әрбір жұмысшының ұқыптылығына байланысты.