«Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда Петропавл теміржол транспорты колледжінде «Электроқамту» мамандығы бойынша білім алып жатқан үшінші курс студенттеріне арналған экскурсия ұйымдастырды. Болашақ энергетиктерді еңбек дәстүрлері мен өндіріс ерекшеліктерімен электр желілік компанияның бас инженері Виталий Фесько таныстырды.

Студенттер үшін энергетика қазіргі таңда дәптердегі жазбалар мен оқу құралдарындағы формулалар ғана, алайда олардың нағыз кәсіби маманға айналатын күні алыс емес. Кәсіпорын бойынша жасалған экскурсия, әлбетте, техника қауіпсіздігі тақырыбындағы инструктаждан басталды. Өйткені, энергетиктердің жұмысында денсаулық пен өмірге қатысты тәуекелдер көп, сондықтан, әрдайым сақ болып жүру маңызды.

«Біздің кәсіпорында әртүрлі қысымды көптеген қондырғылармен жұмыс жасауға тура келеді. Соңғы жылдары компания инновациялық энергоүнемдеуші технологиялар мен жетекші автоматтандырылған жүйелерді қолданысқа белсенді енгізуде. Колледжде сіздер теориялық білім аласыздар, ал егер бізге жұмысқа орналассаңыздар, бұл жабдықтармен қалай жұмыс жасау керектігін үйретеміз», - деді Виталий Фесько студенттерге қарата.

Электрожабдықтарға барар алдында кәсіпорынның бас инженері болашақ энергетиктерге облыста саланың пайда болу тарихын әңгімеледі. Одан кейін экскурсия қатысушылары ашық тарату құрылғыларының жұмыс принципімен танысып, ажыратқыштардан бастап, трансформаторларға дейінгі түрлі қондырғыларға жөндеу жүргізілетін жөндеу цехында болды. Экскурсияның соңғы нүктесі – диспетчерлік қызмет еді.

«Диспетчерлік қызмет орны – біздің кәсіпорынның жүрегі іспеттес. Мұнда қаланың барлық тұтынушыларының қоңыраулары қабылданады. Бұл жерде жұмыс жасау үшін өте жақсы теориялық білім, тәжірибелік білік, сондай-ақ, қаланың барлық электр жабдықтарын білу қажет. Диспетчердің жұмысы аса жауапты әрі қиын. Мәселен, қазіргі таңда тұтынушылардың өтініштері бойынша қалада 35 бригада бір уақытта жұмыс жасап жатыр. Олардың әрекеті осы жерден қадағаланады», - деп түсіндірді Виталий Фесько.

Келесі жолы экскурсия қатысушылары мұнда қызметкер ретінде келуі мүмкін. Айта кетейік, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ-нда жас мамандардың кәсіби өсіп, жоғарылауына қажетті жағдай толық жасалған. Мұнда тәлімгерлер көмегі, толық әлеуметтік пакет, кәсіби деңгейді көтеру және өзге де жағдайлар жолға қойылған.