2018 жылғы 1 қарашада Павлодар 3-ЖЭО-нда № 6 турбоагрегат іске қосылып, нәтижесінде жылу электр орталығының жалпы орнатылған қуаты 555 МВт-қа дейін артты. Жобаны жүзеге асыру барысында компания және мердігер ұйымдар қызметкерлері арасында бірде-бір қайғылы оқиға орын алған жоқ. «0 жарақат» қол жеткізілген нәтижелері – басшылықтан бастап атқарушы қызметкерлерге дейінгі жобаның әрбір қатысушысының еңбегі болып есептеледі.

Павлодар 3-ЖЭО № 6 турбинаның құрылыс жобасы «ОАЭК» АҚ активтерін жаңғыртудың жарқын инновациялық үлгісі болып табылады. Жобаның ерекшелігі сол, бұл - ТМД бойынша виброоқшаулағыштарға орнатылған алғашқы турбина. Жоба 2018 жылғы 1 сәуір – 31 қазан аралығында аса қызу жүзеге асырылды. Құрылыстың қарқын алған кезеңінде жобаға 160-тан 250 адамға дейін жұмылдырылды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі (ҚжЕҚҚ) «САЭМ Павлодар» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерімен бірге жоба аумағында жұмыстың қауіпсіз орындалуын қатаң қадағалап отырды.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚжЕҚҚ мердігер ұйымдар қызметкерлерінің жұмысты қауіпсіз орындауы және жеке қорғаныс заттарын дұрыс пайдалану тақырыбында инструктаждар мен жиындар өткізіп тұрды. Мердігер ұйымдар басшыларымен болатын күнделікті жиындарда тексеру кезіндегі сәйкессіздіктер мен жұмысты мүмкіндігінше қауіпсіз жүргізуге негіз болатын шаралар талқыланып отырды.

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаменті атынан «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «Трест САЭМ» АҚ ҚжЕҚ инженерлері командасына және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО ст. № 6 турбоагрегатын қайта құру бойынша кең ауқымды жобаны сәтті аяқтауға үлес қосқан барлық жандарға алғыс білдіреміз.

Руслан Зинатулин,
«ОАЭК» АҚ Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, және экология департаментінің директоры