2017 жылдың қырүйегінде Павлодарда «Павлодар ЭТК» АҚ алаңдарында тұңғыш техникалық өзара аудит өтті. Аудит мақсаты — жаңғырту, қайта қалпына келтіру және «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» («ОАЭК») АҚ еншілес компаниялары арасында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу.

«Солтүстік-Қазақстан ЭТК» АҚ және «Ақмола ЭТК» АҚ өкілдері «Павлодар ЭТК» АҚ инвестициялық бағдарламалар жұмыстарының қағидаларымен, құрылымдарымен танысты.

Сапар аясында «ОАЭК» АҚ электржелілік бөлімшелердің қызметкерлері «3-ЖЭО-Промышленная» № 154 ВЛ-110 кВ-да қолданылған жоғары өткізу қабілеті бар сымдарды монтаждау технологиясымен танысты, сонымен қатар ПС 220/110/10 кВ «Промышленная»-да жүргізіліп жатқан қайта құру барысын және ВЛ 35 кВ № 38 «Ермак — Строительная — Қалқаман» және ВЛ 110 кВ № 117 «Отпайка Южная — Насосная станция № 1» негізгі бағыттар бойынша екі электрберу әуе желілерін бағалады.

Аудит өткізу кезінде Петропавл және Ақмола облысы энергетиктері орталық диспетчер қызметінің жұмысымен, бас кәсіпорын, қалалық электр желілерімен танысты.

Кәсіпорын бөлімшелерімен, қызмет көрсету аймақтарымен және құрылымдық бөлімшелермен танысуды «ПЭТК» АҚ Бас директоры Федор Бодрухин жүргізді. Аудиторлық топ өкілдері «Павлодар ЭТК» АҚ жұмысын жоғары бағалап, осындай өзара аудиттерді «ОАЭК» АҚ-ның басқа да еншілес кәсіпорындарында ұйымдастыруға ықылас білдірді.