«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері бұқаралық тыңдау барысында станцияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы есеп берді. Қатысушылар алдында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директорының міндетін атқарушы Вадим Ягодин баяндама жасады.

Осылайша, 2019 жылдың басынан бастап жылу-электр орталығы 1,7 млрд кВтс электр энергиясын өндірсе, шиналардан электр энергиясының босатылу көлемі 1,5 млрд кВтс болды. Ал коллекторлардан босатылған жылу энергиясының көлемі – 1 млн Гкал.