2018 жылы «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС желілерін жаңғыртуға, қайта қалпына келтіруге, жөндеуге 3,6 млрд теңге бөлінеді. 

1 қаңтар 2018 жыл бойынша кәсіпорын желілерінің жалпы тозуы 65,01%-ды құрады. Тозу көрсеткіштерін азайту үшін 2018 жылы «Петропавл Жылу Желілері» ШЖС-да құрал-жабдықтар мен құбыр желілерін жаңғырту мен қайта құру бойынша көлемді жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары шеңберінде 2018 жылы 11,984 км жылу желілерін алмастыру жоспарланып отыр. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында петропавлдық жылу беретіндер қосымша 5,3 км құбыр желісін алдын ала оқшауланған құбырларарды пайдалану арқылы айырбастауды көздеп отыр.

«Инвестициялық бағдарламаға Еуропа Қайта Құру және Даму банкінен, ҚР инвестиция және даму Министрлігінен алынған қарызға, сонымен қатар компанияның өз қаржысына желілерді қайта қалпына келтіру кіреді. Желілерді жаңартуға тарифтік қаражат та бөлінеді. Сонымен бірге, біз құбыр желісінің 11 км-ден астам қашықтығына ППУ-қабықша қолданумен оқшаулауды қалпына келтіруді жалғастырамыз. Жалпы алғанда Петропавлдың жылу желілерін қайта қалпына келтіру және жаңғырту үшін 2018 жылы 3,6 млрд теңге құйылады», — деп атап өтті «Петропавл жылу желілері» ЖШС директоры Игорь Рыбас.