Павлодар 2-ЖЭО-да турбина фундаментінің жоғарғы құрылымына болат жақтау орнатылып жатыр. Құрылыстың жалпы салмағы 358 тонна. Оның ерекшелігі мен маңыздылығы № 6 турбогенератор жұмыс процесі кезінде діріл қалпын минималды көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдағы құрылғы Қазақстанда, тіпті ТМД шекарасында тұңғыш рет орнатылып жатқанын айта кету керек.

Бүгіндікке болат раманың 156 тонналық бірінші фрагментін орнату жүргізілді. Жалпы ол үш ірі бөліктен тұрады, алғашқы бірнеше күн ішінде бірінші бөлікке тағы екеуі қосылады.

№ 6 турбина алғаш рет 1977 жылы қолданысқа енгізілді. Сол кезде ол темірбетон фундаментке бекітілген болатын, ал агрегат темірбетоннан жасалған көлбеу-көлденең беларқаға орнатылған болатын. Енді турбоагрегат серіппе блогы бар бағаналарға орналастырылған болат жақтауға орнатылады. Жаңа генератор мен жоғары және орташа қысымды екі цилиндр Орал турбиналық зауыты жасап шығарды. Төмен қысымды цилиндрдің жағдайы жақсы, сондықтан айырбастауды талап етпейді.

Серіппе элементтерін орнату бойынша шеф-монтаждық жұмыстарды неміс өндірушілері жасады.

№ 6 турбинаны қайта құру 2018 жылдың соңына дейін жалғасады. Қайта құрудан кейін станцияның орнатылған электр қуаты 15 МВт-ға ұлғайып, 555 МВт құрайтын болады.