Бiз туралы

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» акционерлік қоғамы («ОАЭК» АҚ, бұдан әрі — «Компания») — вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, компания 2008 жылғы 8 тамызда құрылды.

«ОАЭК» АҚ-ның белгіленген жиынтық электрлік қуаты 1 218 МВт құрайды, бұл көрсеткіш бойынша Корпорация Қазақстанның электр қуатын генерациялайтын жеке компанияларының ішінде жетекші компания болып табылады. Корпорацияның белгіленген жиынтық жылу қуаты — 2 981 Гкал/с. Электр қуатын беру желілерінің жалпы ұзақтығы — 50,5 мың шақырымнан астам, жылу желілерінің жалпы ұзақтығы — 989,9 шақырым. Компания екі миллионнан астам адамды электр қуатымен қамтамасыз етеді.

«ОАЭК» АҚ-ның Қазақстанның аймағындағы еншілес компанияларының қатарына қуатпен қамсыздандырудың барлық буындарын — генерациялауды, тасымалдауды және өткізуді қамтитын «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жатады. Компания Астана қаласында өткізуші құрылым — «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС, Ақмола облысында «АЭҮК» АҚ бақылайды.

 «ОАЭК» АҚ акционерлік капиталының құрылымы (01.01.2019 жыл):

  • «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ – 92,75%;
  • «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қорлары:
  • KIF ENERGY S.A.R.L. – 4,35%;
  • «Baiterek Venture Fund» АҚ – 1,45%;
  • CKIF ENERGY S.A.R.L. –1,45%.