Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы Басқарма Төрағасының қатысуымен өткен сессияның негізгі тақырыбы энергетикалық ауысудың сын-қатерлері және Еуразияның жаһандық энергетикалық күн тәртібіндегі рөлі. Бағдат Орал ОАЭК еліміздің энергетика жүйесіндегі рөлін және Корпорация кәсіпорындарында таза технологияларды дамытуға күш салып жатқанын атап өтті.

 

«Орта мерзімді перспективада Қазақстанда 26 ГВт-тан астам жаңа қуаттарды жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және пайдалануға беру жоспарланған. Осы энергетикалық объектілердің 70% – дан астамы жаңартылатын және баламалы энергия көздері, газ отынымен жұмыс істейтін электр станциялары екендігіне ерекше назар аударғым келеді. Тиісінше, біз энергетика саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті мен мүмкіндігін біржақты көріп отырмыз, бұл тек технологиялар мен жабдықтарға деген қажеттілік қана емес, сонымен қатар мысал ретінде R&D мәселелері, мамандарды оқыту және даярлау», - деп атап өтті Бағдат Орал.

 

Энергетика және қоршаған орта жөніндегі Американдық-Еуразиялық форумды Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның бас консулдықтары АҚШ сауда министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

 

Форум аясында американдық және қазақстандық бизнес өкілдері арасында екіжақты кездесулер өтті, нәтижесінде бірқатар стратегиялық тақырыптар бойынша ынтымақтастық бағыттары айқындалды.

 

Талқыланатын негізгі мәселелер энергетикалық ауысу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тұрақты инфрақұрылымға инвестициялау және таза технологиялар саласындағы инновацияларды ілгерілету болды.

 

Бағдат Орал энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бастаған қазақстандық делегация құрамында Стэнфорд университетінің Прекорт Энергетикалық зерттеулер институтына барды, сондай-ақ Сан-Франциско қаласының мэрі Даниэль Луримен кездесуге қатысты.

 

Тесланың өндірістік нысандарын аралау, атап айтқанда, энергия сақтау жүйелеріне арналған жабдықтарды шығару процесі ерекше қызығушылық тудырды.

 

Сапар аясында PEAK ENERGY (электр энергиясын сақтау және тарату технологиялары), Silkroad Innovation Hub (стартаптар мен трансшекаралық инновациялық жобаларды қолдау) компанияларымен кездесу өтті.

 

Сонымен қатар, делегация Калифорния штатының тәуелсіз жүйелік операторының (CAISO) кеңсесіне барды. Бұл аймақ электр энергиясының 60%  көміртексіз көздерден алады және елдің таза энергетикалық көшбасшысы болып табылады.