Мiндет және көрiнiс

МІНДЕТ

Компанияның міндеті — өз тұтынушыларының өмір сүру сапасын арттыру және өңірлерді экономикалық жағынан дамытуға жағдай жасау. Бұл міндеттерге Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, Екібастұз, Павлодар, Петропавл және Астана қалаларындағы халықты энергиямен жабдықтау және халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындар, бюджеттік және коммерциялық ұйымдар бойынша сапалы қызмет көрсету арқылы қол жеткізіледі.

Көрсетілетін қызметтердің сапасы барлық техникалық талаптарды, сондай-ақ, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін сақтай отырып, энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен үздіксіздігін білдіреді.

Тиімділіктің негізін Компания қызметкерлері құрайды, олардың құндылығы — жоғары кәсібилігінде, командамен жұмыс жасай білуінде және нәтижеге қол жеткізе алуға ұмтылысында жатыр.

КӨРІНІС

«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ — Қазақстанның жеке энергетикалық компанияларының ішінде көш басында.

Компания өз қызметін республиканың солтүстігінде өте ауыр климаттық жағдайларда жүзеге асырады.

Компания жеке бөлімшелердің (кәсіпорын топтарының) қарқынын, икемділігін топты орталықтан басқарудың тұрақтылығымен, сенімділігімен үйлестіре отырып, холдингтік құрылымның артықшылықтарын табысты пайдаланып келеді.

Компания қызметкерлері — биік мақсаттарды бағындырып келе жатқан кәсіби мамандар командасы. Компанияның тұтынушылармен және жеткізушілермен орнатқан серіктестік қарым-қатынасы құрмет-ізет және өзара жауапкершілік негізінде құрылған.