«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы (http://www.sevkazenergo.kz) вертикалды түрде біріктірілген компания болып табылады, оған Солтүстік Қазақстан облысының барлық қуатпен қамсыздандыру буындары (қуат ресурстарын генерациялау, тасымалдау және өткізу) кіреді. 

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Аксесс Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС-ны өзгерту арқылы 2009 жылы 13 шілдеде құрылды. Компания 1999 жылғы 19 қаңтарда тіркелген Серіктестіктің барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады. 

«СЕВКАЗЭНЕРГО» Компаниясының құрамына мыналар кіреді:

  • Петропавлдық ЖЭО-2;
  • «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ (Солтүстік Қазақстан облысының электрлік желілері);
  • «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС (Петропавл қаласының жылу желілері);
  • «Севказэнергосбыт» ЖШС.

Электр станцияларының белгіленген жалпы электрлік қуаты 541 МВт құрайды, жылу қуаты бойынша белгіленген қуаты – 713 Гкал/сағ. Өндірісте пайдаланылатын негізгі шикізат – Екібастұз алқабының тас көмірі. 

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Солтүстік Қазақстанның 161 196 тұрғынын өзі өндірген электр қуатымен қамсыздандырады, Петропавл қаласының 70 561 тұрғынын, сондай-ақ аймақтың 5500-ден астам өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жылумен қамсыздандырады. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өндіретін электр қуаты Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінің нарықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жеткізіледі. 

Компанияның электр желілерінің қашықтығы 13 440,1 шақырымды құрайды. Жылу желілерінің жалпы қашықтығы – 233,3 шақырым. 

Компания корпоративтік басқару принциптерін белсенді түрде ендіруде, бизнес үрдістерді оңтайландыруда және өз қызметін өндіріс, денсаулық сақтау салаларында және әлеуметтік саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу тәжірибесін жетілдіруде.