26 қыркүйек 2018 жылы Doing Business субұлттық рейтингінің «Электрмен қамту жүйесіне қосылу» индикаторы бойынша ақпарат жинау мақсатында «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ-на Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшылары келіп қайтты. Кездесуге сонымен қатар «ҚР Энергетика Министрлігінің СҚО бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аймақтық департаменті» МБ басшылары мен «СҚО әкімшілігінің «Энергетиканы басқару және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық» МБ басшылары қатысты..

Кездесу қорытындысы бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және жұмысты ұйымдастыру бойынша сарапшылар келесідей оң жағдайларды атап өтті:

  • энерготұтыну, технологиялық қосылу, төлемдерді жүргізу, қарым-қатынас үшін жайлы, эргономикалық орта қалыптастыру, қызмет көрсету тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тұтынушыларды тікелей қабылдауға арналған қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі;
  • тұтынушыларды технологиялық қосу процесстерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу;
  • Компания сайтында «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ-ның подстанцияларында қолжетімді қуаттылықтың бар-жоғын көрсететін ақпараты бар қуаттылықтың электронды картасының болуы;
  • Компанияның халықаралық үлгідегі сертификаттардың болуымен расталған ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сай болуы.

Қорытынды жиналыс кезінде сауалхаттарды қабылдау және техникалық шарттарды беру бойынша WEB-портал енгізу перспективалары айтылып өтті. Бұл тұтынушыларға онлайн-режимде техникалық шарттарға өтініш беруге, өтініштердің қаралуын бақылауға және дайын техникалық шарттарды алуға мүмкіндік береді.