Бесінші маусым күні Қазақстанда барлық экологтардың, табиғатты қорғаушылардың және қоршаған ортаны қорғау бойынша мамандардың кәсіби мерекесі — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні атап өтіледі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау Компанияны дамыту стратегиясында қарастырылған басым мақсаттардың қатарында тұр. Экология жөнінде Компания қызметін халықаралық сапа стандарттары, қауіпсіздік және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес жүзеге асып келеді. Жыл сайын енгізілген менеджменттің біріктірілген жүйесі мен ISO 14001 экология менеджментінің жүйесінің қызметі TÜV Rheinland Inter Cert сертификациялау органымен расталып отырады. 2009 жылдан бері Компанияда инвестициялық бағдарламаның аясында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарының экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған жобаларды қамтитын экологиялық және әлеуметтік әрекеттердің жоспары іске асып келеді.