Климаттық жағдайына байланысты Қазақстанның солтүстік өңірін жылумен қамту — әрдайым өзекті тақырыптардың бірі. Егер республика бойынша жылу маусымы орташа есеппен сәуір айының ортасында аяқталса, онда, мысалы, Петропавлда мамыр айының басына дейін жалғасады. Бұдан өзге, барлық жылумен қамту жүйесі уақыт өте келе тозады, соның салдарынан асыра нормативтік шығын орын алады. Дәл сол себепті «ОАЭК» АҚ Компаниялар тобында жылумен қамту жүйесінің беріктілігіне зор мән беріледі. 2017 жылға біз Екібастұз, Павлодар және Петропавлдың жылу жүйелерін қайта қалпына келтіруге көп мөлшерде жұмыс жоспарлап қойдық. Сонымен қатар биыл «ОАЭК» нысандарында өндіруші жабдықтарды жаңарту бойынша жұмыстар жалғасады.

Жылумен қамту энергетикада әлеуметтік жағынан маңызы өте зор сегмент екені анық. Қазақстанның жылумен қамту жүйесіндегі кеңес одағында салынған құбыр желілері 30-40 жыл бойы жұмыс істеп келді, және қазіргі таңда өңірлердің жылу энергиясына деген сұранысын қаматамсыз ете алмайды. Мұндай инфрақұрылымдық нысандарды қайта қалпына келтіру мол қаржыны талап етеді. 2011-2015 жылдар аралығында «ОАЭК» Компаниялар тобы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) және Clean Technology Fund-тың қолдауымен жалпы құны 50 миллион доллар болатын жобаны жүзеге асырды. Нәтижесінде Павлодар, Екібастұз және Петропавл қалаларында жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі асыра нормативтік шығын деңгейі 30%-дан аса төмендеді.

2016 жылы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру жайлы ЕҚДБ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі және «ОАЭК» АҚ еншілес компаниялары арасында үш жақты келісімге қол қойылған соң бұл бағыт жаңа серпін алды. 2016-2020 жылдар аралығында Павлодар, Екібастұз және Петропавлдың жылумен қамту жүйелерін жаңарту үшін құйылған инвестициялардың жалпы құны 25,95 млрд теңге. Қол қойылған үш жақты келісім тозу деңгейін төмендету, тасымалдау кезінде жылу энергиясы шығынын азайту және 2020 жылға дейін асыра нормативтік шығынды толығымен жою, сонымен қатар тұтынушыларды жылумен жоғары деңгейде қамту мақсатында жылу жүйелерін қайта қалпына келтіруге бағытталған. ЕҚДБ ұсынатын қаржы әрқайсы 4,65 млрд теңге болатын екі қарыздан тұрады. Ол «ОАЭК» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарына – «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Петропавл жылу желілері» ЖШС-ға арналған. Кәсіпорындар «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9,3 млрд теңге көлемінде тағы қаражат алады. «ОАЭК» АҚ жобаларды жүзеге асыру үшін өз кезегінде 7,35 млрд теңге бөледі. Мұндай серіктестік оң нәтиже береді деп сенемін: жоспарланған барлық шараларды іске асыру энерготиімділікті көтеріп, шығындарды азайтып, жылумен қамту секторының экологиялық стандарттарын жақсартуға көмектеседі.

«ОАЭК» АҚ Компаниялар тобының жылу жүйелері кәсіпорындары осы келісімді жүзеге асыруға кірісіп кетті. Жоғарыда аталып өткен бағыттар бойынша жұмыстар кешенді жүріп жатыр. Жылумен қамту деңгейін көтеру шараларына жылу тораптарындағы жылу құбырларын пенополиуретан қаптамасы (ППҚ) бар диаметрі үлкен алдын ала оқшауланған құбырларға айырбастау кіреді. 2017 жылы қашықтығы 31,88 километр жылу құбырларын салу және қайта қалпына келтіру, сонымен қатар ППҚ қолдана отырып қашықтығы 6,74 километр құбыр желісінің оқшаулауын қалпына келтіру жоспарланып отыр.

2017 жылы инвестициялық бағдарлама өндіруші нысандарда да жалғасын табады. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 3-ЖЭО-да 2016 жылдан бері маңызды жобалардың бірі — №6 турбоагрегатының орнатылған электр қуатын 110-нан 125 МВт-ға дейін өсіре отырып, қайта қалпына келтіру. Биыл жұмыстың басты бөлігі жүргізіледі. Турбоагрегатты аяқтау және пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланған. Сонымен қатар Павлодар 3-ЖЭО-да №4-қазанагрегатты технологиялық процесстермен автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл пайдалы әсер коэффициентін 1,5%-ға ұлғайтуға, пайдаланылатын отын шығыны мен зиянды заттар шығарылымын азайтуға мүмкіндік береді. Дәл осындай автоматтандырылған жүйе «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавл 2-ЖЭО-ның №2 турбоагрегатына да енгізіледі. Дәл осы станцияда 2017 жылы өндірісін және көмір түсіру жылдамдығын арттыру мақсатында жүк түсіретін жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс атқару жоспарланған.

Барлық атқарылып жатқан шаралар өндірістің техникалық-экономикалық параметрлерін жақсарту және ұлғайтуға бағытталған. 2017 жылы Корпорация электрэнергия өндіруді 2016 жылға қарағанда 6,9%-ға, яғни 7 526 млн кВт·с-қа ұлғайтуды, ал жылу энергиясын жіберуді 2016 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға, яғни 6 477 мың Гкал-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл тұтынушыларға арналған жылу энергиясының жоспарланған мөлшерімен байланысты.

Биыл, сонымен қатар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экологиялық саясат және әлеуметтік серіктестік бойынша жобаларды дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Қызметтің бұл бағыттары «ОАЭК» АҚ Компаниялар тобының барлық кәсіпорындарының бақылаушы органдарының әрдайым қадағалауында. Белгіленген барлық жобаларды жүзеге асыру Корпопацияның тұтынушылардың өмір сапасын арттыру мен өңірлердің экономикалық дамуына жағдай жасау миссиясымен тұспа-тұс.