«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ұйымдастыруымен өткен жылдың қараша айында бастау алған болашақ энергетиктер арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы жалғасып жатыр. Қазіргі этапта Павлодар мен Екібастұздың екі оқу ордасының: Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық колледжінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үшінші курс студенттерінің ішінен 11 үміткер іріктеліп алынды.
Қазылар алқасының айтуынша, жіберілген жұмыстардың тақырыбы әр алуан — подстанциялардың найзағайдан қорғауын есептеуден бастап реттегіштерді автоматты басқару жүйесін жобалауға дейін. Байқау шарты бойынша, қазылар таңдаған жеңімпаздар 2017 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» бас директорының атаулы корпоративті шәкіртақысына ие болады, сонымен қатар компанияға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Байқау қорытындысы осы жылдың мамыр айында жарияланады.
Жоба жайлы
2015 жылы «ОАЭК» АҚ компаниялар тобында «PROFENERGY» жобасы басталған болатын. Жобаның мақсаты — жас мамандарды қолдау және кәсіпорынның негізгі/қосалқы мамандықтарына жоғары оқу орындарының түлектерін тарту, қызметкерлер құрамының білім алу деңгейін көтеру және дамыту, білікті жұмысшыларды ұстап қалу. «PROFENERGY» жобасы оқушылар үшін көптеген мүмкіндіктерді ашады. 2016 жылдан бастап жоба Корпорацияның барлық кәсіпорындарында іске асып жатыр, оның ішінде «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да да.