2025 жылдың желтоқсанында Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы «Урман – Краснознаменка» кернеуі 110 кВ жаңа электр беру әуе желісін салу және пайдалануға беру бойынша жобаны табысты іске асырды. Жаңа ЭБЖ-сінің ұзындығы 53,8 шақырымды құрады.
Жобаның мақсаты — қосымша қуат резервін құру, электр энергиясының технологиялық шығындарын азайту, кернеудің сапасы мен тұрақтылығын арттыру және жаңа тұтынушыларды қосу мүмкіндігі.
Мамандар топырақты игеруді қоса алып геодезиялық және жер жұмыстарын жүргізді. Өңірдің жел және көктайғақ жүктемелерін ескере отырып, 208 темірбетон тіректері, сым мен найзағайдан қорғайтын арқансымды монтажы, іргетастар мен жерге тұйықтау контурларының құрылғылары мен желіні қолданыстағы 110 кВ кіші станция схемасына біріктіру орнатылды.
«110 кВ жаңа әуе желісі «Урман-Краснознаменка» транзиттік. Электрмен жабдықтау желілерінің сенімділігі Электр қондырғыларын орнату қағидаларын қатаң сақтауда орындалған оңтайлы маршрутты, сапалы материалдарды және монтаждау жұмыстарын таңдаумен анықталады. Жоба «№ 13 механикаландырылған колонна» ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп іске асырылды, - деп атап өтті 35 кВ және одан жоғары ЭБЖ қызметінің бастығы Сманов Нұркен.
Объектіні іске қоспас бұрын сынақтар кешені: оқшаулауды тексеру, релелік қорғаныс пен автоматиканы баптау, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау жүргізілді. Желі іске қосу және реттеу шараларының қорытындысы бойынша жұмыс кернеуіне сәтті қосылды.
Объект өңірлік энергия жүйесін дамытудың маңызды элементіне айналды және Ақмола облысының Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын мен Целиноград аудандарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталды. Сенімді энергетикалық инфрақұрылым — өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуі мен одан әрі дамуының негізі.
