«Петропавл жылу желілері» ЖШС энергетиктері 2018 жылы атқарылған жұмыстары туралы бұқаралық тыңдаулар барысында әңгімеледі. Қызмет қорытындылары бойынша есеп берген - «Петропавл жылу желілері» ЖШС Бас директоры андрей Калиничев.
Компания басшысының баяндамасына сәйкес, кәсіпорын Петропавл қаласының тұрмыстық секторында 71 мың абонентке жылу энергиясын тасымалдап, бөліп беретін болса, өнеркәсіптік, бюджеттік, коммерциялық және өзге де ұйымдардың үлесі – 2 301 абонент.
2018 жылы кәсіпорын 1 364,3 мың Гкал жылу энергиясын тасымалдаған. Тасымалдау барысындағы шығындар 27,2 % немесе 509,7 мың Гкал құрайды. Энергетиктер атап өткендей, жылу энергиясы шығынының басты себебі – желілердің тозуы болып табылады. 2018 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша, желілердің тозу деңгейі 70,4 %-ға тең. Жылу энергиясы шығындарының өсуіне ықпал ететін факторларға, сондай-ақ, жерасты құбыр өткізгіштерін жерасты суларының басуы да жатады.