3-ЖЭО аумағында түрлі төтенше жағдайларға дайындық оқу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінгі сценарий бойынша террористік топтың шабуылы нәтижесінде №2 май багында аумағы 20 шаршы метр жерге ыстық мазут төгілді. 3-ЖЭО өрт қауіпсіздігі қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күш біріктіруі нәтижесінде және Павлодар облысы антитеррорлық ұлттық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі комитетінің қызметкерлері өртті 20 минут уақыт ішінде сөндірді.
- Біз өрт қауіпсіздігі дайындық оқуларын кәсіпорындарда жоспарлы жиілік бойынша өткізіп тұрамыз, - деп атап өтті өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғаныс подполковнигі Бауыржан Жанғозин. – Бүгінгі дайындық шарасы үшін Павлодар 3-ЖЭО орталығы арнайы таңдалды. Кәсіпорын аумағында жанар-жағармай, тез тұтанғыш сұйықтықтар аз емес.