«Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ) барлық кәсіпорындары 2024-2025 жылыту маусымы бойы тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен және жылумен қамтамасыз етті. "ОАЭК" АҚ жылу электр станциялары шамамен 4 млн Гкал жылу энергиясын өндірді. Барлық нысандар температуралық кестелерді сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеді.

 

 

 

Петропавл қаласын жылумен және Солтүстік Қазақстан облысын электрмен қамтамасыз ететін, Корпорацияның еншілес ұйымы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылу беру кезеңінің 202 күнінде 724 млн кВт·сағ астам электр энергиясын сәтті тасымалдап, тұтынушыларды шамамен 1,6 млн Гкал жылу энергиясымен қамтамасыз етті.

Алдағы жылыту кезеңінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның жөндеу, жаңғырту және реконструкциялау бойынша бірқатар іс-шараларды орындауды жоспарлап отыр. Жоспарларға жаңа түтін таратқышын іске қосу, қазандық агрегаттары мен турбиналарды ауыстыру және жөндеу, тепловоздар мен теміржол рельстерін жаңарту, негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу, шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу кіреді.

Электр желілеріне ерекше назар аударылды: қосалқы станцияларды қайта құру, электр беру желілерін ауыстыру және трансформаторлық пункттерді күрделі жөндеу жоспарланған. 400 шақырымнан астам желі жөнделіп, ондаған нысандарға жаңа жабдық орнатылады.

Сондай-ақ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да 213 күнге созылған жылыту маусымын сәтті аяқтады. Павлодар қаласында жылу тұтынушыларға көрсетілген қызмет көлемі 2,2 млн Гкал құрады. Жеке тұлғалар үшін өткізілген электр энергиясының көлемі-926 млн кВт·сағ.

Жазғы кезеңде 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ның негізгі нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда: қазандықтарды, турбиналарды және 3-ЖЭО-ның  №1 түтін құбырларын жөндеу. Станциядағы маңызды салқындату элементі – 3-ЖЭО-ның №1 градирнясын қайта құру көзделген. Жоспарланған жұмыстардың біразы басталып та кетті.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында жалпы ұзындығы 4 шақырымға жуық жылу желілерін күрделі жөндеу, сондай-ақ ұзындығы 408 шақырымды құрайтын жылу және ыстық су желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа маусымда жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін жылу оқшаулауды қалпына келтіру және 22 орталықтандырылған жылу қондырғысын жөндеу жоспарлануда.

Жылыту маусымын ойдағыдай аяқтау және келесі маусымға алдын ала дайындық – «ОАЭК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары үшін басты міндет. Жөндеу жұмыстарын жүргізу электрмен және жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Жүйелі жұмыс пен жабдықты жаңартуға салынған инвестицияның арқасында компания тұтынушыларды тұрақты және сапалы энергиямен қамтамасыз етуге ұмтылуда.