«ОАОЭК» АҚ «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорация» АҚ-дағы үлесін 59,65%-дан 66,98%-ға арттырды.
«Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорация» АҚ («ОАЭК» АҚ) энергетикалық холдингінің акциялар бөлігін сату-сатып алу бойынша келісім жасау нәтижесінде Корпорацияның акционерлік капитал құрылымы өзгерді.
Биылғы 11 қазан бойынша «ОАЭК» АҚ акционерлері мыналар: «ОАОЭК» АҚ — 66,98%; Еуропа қайта құру және даму банкі — 17,60%; «Бәйтерек» ҰБХ» қорлары — 7,25% (KIF ENERGY S.a.r.l. — 4,35%, Baiterek Venture Fund АҚ — 1,45%; CKIF ENERGY S.a.r.l. — 1,45%).
Акционерлік капитал құрылымын мына сілтемемен өтіп көре аласыздар.