«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ-ның 48,41% акцияларын мионритарлық акционерлерден сатып алу мәмілесін аяқтады.
«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ өз меншігіне «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ-ның 48,41% акцияларын сатып алып, сол арқылы қоғам акцияларын 100% шоғырландырды. Бұған дейін, 2014 жылдың шілдесінде Компанияның 51,59% акциялары «ОАЭК» АҚ жарғылық капиталына оның бақылаушы акционері «Орталық-Азия жылу-энергетикалық компаниясы» АҚ тарапынан берілген болатын.
«АЭТК» АҚ сатып алу мәмілесі «ОАЭК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «ОАЭК» АҚ-ның аймақтық бағытта бизнесін кеңейту бойынша стратегиясына негізделіп мақұлданған. «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ Ақмола облысының 14 ауданының, сондай-ақ, Астана қаласының тұтынушыларына қызмет көрсетуді жалғастырады.
Холдинг тарапынан жүргізіліп жатқан еншілес кәсіпорындардың активтерін жаңғырту бағдарламасына сәйкес, «ОАЭК» АҚ жедел дамып келе жатқан астана маңындағы аймақтың қажеттілігін қанағаттандыру және оны энергиямен қамту сенімділігін арттыру мақсатында «АЭТК» АҚ активтерін жаңарту және қайта құру шараларын жүргізбек.
«АЭТК» АҚ қайта құру жобаларына 2014 жылы жұмсаған инвестициялық салымдарының сомасы 2,89 млрд. теңгені құраса, 2017 жылға дейін бұл көрсеткіш 7,67 млрд. теңгені құрайтын болады. Инвестициялар басым бағыттар бойынша бөлінген – электр беру желілері мен энергетикалық қондырғыларды қайта құру, күрделі жөндеулер мен тұтынушыларға арналған ЭКЕАЖ қолданысқа енгізу. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру кәсіпорынның өз қаражаты, Азиялық Даму Банкінен тартылған несие ресурстары, сондай-ақ, коммерциялық банктер есебінен жүргізілуде.